Алматы – Көкпек – Көктал тасжолында автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан бір адам қаза болды. Тағы біреуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жантүршігерлік жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрдан жеңіл автокөліктің күл-талқаны шығып, бөлшектеніп қалғанын көруге болады."Жол апатынан "Меrcedes-Benz" жүргізушісі көз жұмды, ал көлікте отырған жолаушы түрлі жарақатпен Шелек ауылының орталық ауруханасына жеткізілді", – деп мәлімдеді полициядағылар.Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.