Әли Ахмедов 21 нокауты бар боксшымен жекпе-жек өткізеді
Әли Ахмедов 21 нокауты бар боксшымен жекпе-жек өткізеді
Фото: neonomad.kz
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12 КО) келесі жекпе-жегінің күнін жариялады, – деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы GGG Promotions клиенті өзінің Instagram парақшасында жазды. Ахмедов 16 қыркүйекте Hollywood Fight Nights шоуында 36 жастағы перулық Давид Сегаррамен (34-5, 21 КО) жұдырықтасады. 26 жастағы боксшымыз 2020 жылғы желтоқсанда эквадорлық Карлос Гонгорадан (20-0, 15 КО) нокаутпен жеңілген еді.