UFC қазақстандық файтердің бірінші жекпе-жегін ресми құлақтандырды
UFC қазақстандық файтердің бірінші жекпе-жегін ресми құлақтандырды
© M-1 Global
217
оқылды
Қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебютінде поляк Бартош Фабинскимен жекпе-жек өткізеді. Кездесу туралы промоушен ресми мәлім етті, – деп хабарлайды Vesti.kz. Рахмонов – Фабински жекпе-жегі 21 наурызда UFC Fight Night 171 аясында Лондондағы О2 аренасында өтеді. 33 жастағы Фабински үшін бұл UFC-дегі бесінші жекпе-жек болмақ. Әлемдегі ең атақты промоушенде 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді: дебют жылында екі, 2018 жылы екі жекпе-жек өткізген. 25 жастағы Рахмонов UFC тарихына алғашқы қазақстандық болып енген еді. Ол карьерасындағы 12 жекпе-жектің бәрін мерзімінен бұрын жеңген.  width=