Жапонияда 30 бен 38 жастағы екі ер адам пайдалануға тыйым салынған Moderna вакцинасынан көз жұмды, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан басылымы.
Бұған дейін вакцина партиясынан бөгде қоспалар табылды, деп хабарлайды NHK телеарнасы. Екі ер адам да тәуекел тобына жатпаған, созылмалы аурулармен ауырмаған. Өлім себебі белгісіз, вакцинамен байланысы анықталып жатыр. Екеуі де вакцина салдырғаннан кейін үш күннен соң қайтыс болды.