Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін қаза тапқандарды марапаттады, – деп хабарлайды Ақорда.
Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін І дәрежелі "Айбын" орденімен наградталғандар: Қапезов Арман Қуанышұлы (марқұм) - Бас әскери прокуратураның Оңтүстік аймақ әскери прокуроры Микропуло Александр Николаевич (марқұм) – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі (өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары); ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен: Дәлібаев Оразбек Дайраұлы (марқұм) - Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі ведомстволық күзет командасының атқышы; Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы (марқұм) - Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының маманы (өрт сөндірушісі); Мешінбай Марат Сайлауұлы (марқұм) - Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының маманы (механик-жүргізушісі); Нәдірбеков Еркін Ерікбайұлы (марқұм) - Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары әскери командасының бөлімше бастығы (команда бастығы); Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы; Темірболатов Арнұр Серікұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы; Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы (марқұм) - Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды (марқұм).