Испаниялық жүзуші Себастьян Родригес Велозо Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында бақ сынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Родригестің жасы қазір 64-те, жүзуден бірнеше медалі бар, олардың арасында бірқатары – алтын. Жас кезінде ол кісі өлтіру мен жарылыстар ұйымдастырғаны үшін террористік деп танылған GRAPO солшыл радикалды революциялық топтың мүшесі, марксшіл-лениншіл болды. 1985 жылы Родригес адам өлтіруге қатысқаны үшін сотталып, 84 жылға түрмеге қамалды.
"Адам өз қателігінен сабақ алып, мақсатына жетіп, өзгелерге үлгі көрсете алады. Мен көпке үлгі болудан аулақпын, мен тек осы күнге шүкіршілік етіп, болашағымды ойлаймын", - деді спортшы.Белгілі спортшы Токиода медаль жеңіп ала алмады.