Батыс Қазақстанда трактор аударылды: 8 жасар қыз көз жұмды
Батыс Қазақстанда трактор аударылды: 8 жасар қыз көз жұмды
Сурет: pixabay.com
153
оқылды

Батыс Қазақстан облысында тіркемесі бар трактор аударылып, екі адам көз жұмды, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Жол апаты 26 тамыз күні Бөкей орда ауданы Сайқын ауылында болды, деп жазады "Мой город" порталы. Салдарынан 1994 жылғы ер адам мен 2013 жылғы қыз көз жұмды.
"Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", — деп мәлімдеді өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында адам өліміне әкеп соққан басқа жол апаты болды. Toyota Carina мен Лада-2107 соқтығысып, төрт адам ажал құшты, тағы төртеуі ауруханаға түсті.