Токиода Паралимпиада ойындары жалғасуда. Қазақстан командасының мүшесі Зарина Байбатина дзюдодан финалға шықты, — деп хабарлайды Olympic.kz.
70 келіден жоғары салмақта сынға түскен ол италиялық Каролина Костадан басым түсті. Алтын медаль үшін айқаста Байбатина әзірбайжандық Дурсадаф Каримовамен кездеседі. Финал 29 тамызда өтеді.