"Талибан" көшбасшылары (Қазақстанда тыйым салынған) фермерлермен кездесіп, оларға апиын көкнәрін өсіруге тыйым салды. Оның орнына шафран өсіруге кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы. "Талибан" лидерлерінің бұйрығы тұрғындарға ұнамаған. Олардың ойынша, егер олар көкнәр өсіруді тоқтатса, жақын арада аштан өледі.
"Егер көкнәр өсіруге тыйым салса, халық аштан өледі, әсіресе халықаралық көмек тоқтаған кезде. Біз әлі күнге дейін көкнәр өсіруге рұқсат береді деп үміттеніп отырмыз. Көкнәр өсіруден алатын кірісті ештеңе өтей алмайды", - деді Урузган провинциясының фермері The Wall Street Journal-ға телефонмен сұхбат баргенде.Фермерлер Кандагар, Урузган және Хелман провинцияларында тыйым салынғаннан кейін апиын шикізатының бағасы шамамен үш есе өскенін - бір келі апиын 70 доллардан 200 долларға қымбаттағанын айтады. Ал Мазари-Шариф қаласында апиын бағасы екі есе өскен. The Wall Street Journal мақаласында Ауғанстанның заңсыз апиын өндіру үлесі 80 пайызға жақындап қалғаны және көкнәр егу маусымы шамамен бір айдан кейін басталатыны атап өтілген.