Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан дзюдошылары кезекті жүлдесін жеңіп алды, — деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер арасында 70 келіден жоғары салмақта сынға түскен Зарина Байбатина Паралимпиаданың күміс медалін иеленді. Финалда ол әзірбайжандық Дурсадаф Каримовадан ұтылды. Токио татамиінде Зарина Моңғолия және Италия палуандарын жеңген болатын. Айта кетелік, бұл - Заринаның алғашқы Паралимпиадасы.