30 тамыз күні елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет. Ертең солтүстік пен шығыста найзағай ойнап, жел күшейіп, қатты жауын болады. 30 тамызда Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен солтүстігінде желдің екпіні секундына 16 метрге жетеді. Басым бөлігінде өрт қаупі сақталады. Павлодар облысында қатты жауын болады. Күндіз шығысында бұршақ жауады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Қарағанды облысының орталығында тұман болады. Оңтүстік-батыста өрт қаупі жоғары. 1 қыркүйек түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. 30 тамыз Қостанай облысында ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді. 30 тамыз - 1 қыркүйек Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында да үсік жүреді. Ақмола облысында да үсік жүреді. Нұр-Сұлтанда да дабылды ескерту жарияланды. Түнде плюс 5-7, күндіз 16-18 градус жылы. Түркістан облысында жел болады, өрт қаупі сақталады.