Қазақстан боксшысы Темірлан Мұқатаев Дубайда (БАӘ) өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті. 86 келіге дейінгі салмақтағы үшін жекпе-жекте Мұқатаев өзбек боксшысы Диербек Ураловпен жұдырықтасты, – деп жазады Sports.kz. Жекпе-жекте Темірлан Мұқатаев төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды. Бұған дейін Қазақстан жастар құрамында Санжар Ташкенбай (48 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Әбдікәрім Әбдіғалым (57 кг), Ерасыл Ермек (60 кг), Елнұр Сүйінбай (63,5 кг), Абзал Серік (67 кг) және Бақберген Әлиасқаров (75 кг) өз салмақ дәрежелерінде чемпион болған.