Блогер UFC чемпионын жеңді
Блогер UFC чемпионын жеңді
© Nice One Productions/Corbis
146
оқылды
Танымал блогер Джейк Пол (4-0, 3 КО) мен UFC экс-чемпионы Тайрон Вудли (0-1) арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп жазады Vesti.kz. Жалпы, айқас барысында ММА файтері дұрыс позиция таңдағанына қарамастан жойқын соққылар өткізе алмады. Пол болса, кәсіби боксшылар секілді екі қолмен жұмыс істеуге тырысты. Нәтижесінде ұпай саны бойынша Джейк Пол жеңіске жетті. Осылайша небәрі 18 ай жаттыққан блогер аралас жекпе-жекпен кәсіби түрде айналысатын UFC өкілінен басым түсіп отыр. Төрешілер шешімі: 77-75 (Пол), 77-75 (Вудли) және 78-74 (Пол).   https://twitter.com/ESPNRingside/status/1432191249344339972?s=20