Павлодарда төрт айлық сәбиді машина соғып кетті. Баламен бірге қарт әйел зардап шекті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Бұл туралы өңірлік Денсаулық сақтау басқармасында хабарлады.
- Төрт айлық қыз баланың миы шайқалып, жабық бас сүйек-ми зақымы келген. Бала облыстық ауруханаға жеткізілді, - делінеді хабарламада.