Нұр-Сұлтанда тағы екі проблемалы құрылыс аяқталды
Нұр-Сұлтанда тағы екі проблемалы құрылыс аяқталды
Фото: astana.gov.kz
161
оқылды
Конституция күні елордада тағы екі проблемалы құрылыс аяқталды. Осылайша 255 үлескер отбасының проблемасы шешілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Бұл – «Шығыс 3Б» және «Куршавель» тұрғын үй кешендері (ТК). Мысалы, жосықсыз құрылыс салушыдан проблемалық нысанды алған сәтте «Шығыс 3Б» ТК-де объектінің бірінші үйінің қаңқасы 50% деңгейінде ғана салынған. «Шығыс 3Б» ТК құрылыс жұмыстары басталғанға дейін объектіні құрылысқа дайындау бойынша бірқатар іс-шара өткізілді. Біріншіден, объектіге техникалық аудит жүргізілді, тірек конструкцияларының жарамдылығына техникалық тексеру жүргізілді. Техникалық жай-күйін бағалауды және сараптамалық ұсынымдарды алғаннан кейін объектінің құрылысы қайта басталды. Бұл ТК-де 6 жыл бойы 120-дан астам отбасы өз пәтерін күтіп жүрді. Шығыс тобының көппәтерлі тұрғын үй кешенінің өзге блоктары бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Биыл Елорда күніне орай, тағы 21 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. 2021 жылы барлығы 57 проблемалы көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Осылайша 7 мыңнан астам үлескер көптен күткен пәтеріне ие болады. https://www.youtube.com/watch?v=X8JA7cT09tU