BoxRec: Қазақстанның үздік боксшылары рейтингінде өзгеріс болды
BoxRec: Қазақстанның үздік боксшылары рейтингінде өзгеріс болды
156
оқылды
Бокс әлемінде беделді BoxRec.com сайтында қазақстандық үздік боксшылардың рейтингінде өзгеріс болды. Үздік ондықтан тамыз айында жекпе-жек өткізген жалғыз боксшы Жан Кособуцкий рейтингте төмендеді. Ол 8-ші орыннан 11-ші сатыға түсті. Ондыққа Нұрсұлтан Жанабаев енді. Тамыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 10 боксшысы: 1. Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) — 508.3 2. Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) — 29.23 3. Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) — 22.49 4. Қанат Ислам (28-0, 22 КО) — 18.32 5. Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) — 14.86 6. Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) — 8.228 7. Әли Ахмедов (16-1, 12 КО) — 8.173 8. Руслан Мадиев (13-2, 5 КО) — 7.076 9. Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) — 6.435 10. Нұрсұлтан Жанабаев (8-1, 5 КО) — 6.214.