Астана тұрғынын әлеуметтік желі арқылы танысқан әйел тонап кетті
Астана тұрғынын әлеуметтік желі арқылы танысқан әйел тонап кетті
Фото: vladimir.bezformata.com
109
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, үйінде ішімдік ішіп отырған астана тұрғыны әлеуметтік желі арқылы танысқан әйелді қонаққа шақырған.

Танысының масайып, ұйқыға кеткенін пайдаланған әйел оның мобильді банк қосымшасы арқылы өз есепшотына 450 мың теңге аударып, қымбат телефонын алып еткен.

«Көп ұзамай, күдікті әйел ұсталды. Ол бұрын қылмыстық жауапқа тартылған.  Өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді полицей.