Зейнеткер мен сәбиді қаққан көлік жүргізушісінің ішімдік ішкені белгілі болды
Зейнеткер мен сәбиді қаққан көлік жүргізушісінің ішімдік ішкені белгілі болды
Фото: zakon.kz
135
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, сағат 19.32-де  тұрғын үйдің ауласында 39 жастағы Toyota Camry Gracia автокөлігінің жүргізушісі 1946 жылы туған әйел мен 2021 жылы туған сәбиді қағып кеткен.

Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров: «Апат салдарынан әйел мен кішкентай бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші орташа дәрежде мас болған», – деді.

Полиция автокөлік айып тұрағына қойылғанын хабарлады. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.