Полиция департаментінің мәліметінше, сағат 19.32-де тұрғын үйдің ауласында 39 жастағы Toyota Camry Gracia автокөлігінің жүргізушісі 1946 жылы туған әйел мен 2021 жылы туған сәбиді қағып кеткен.
Полиция автокөлік айып тұрағына қойылғанын хабарлады. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров: «Апат салдарынан әйел мен кішкентай бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші орташа дәрежде мас болған», – деді.