Карантиндік шектеулер ескеріле отырып, олар Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі алаңында онлайн форматта өтеді, – деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Сонымен, 1 қыркүйекте азаматтарды қабылдауды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіраманов, 3 қыркүйекте – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Марат Омаров, 8 қыркүйекте – «Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Темір өткізеді. Азаматтарды партия алаңында 10 қыркүйекте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, 15 қыркүйекте – Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Ербол Қарашөкеев, 22 қыркүйекте – Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, 24 қыркүйекте – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, 29 қыркүйекте – Әділет министрі Марат Бекетаев, 30 қыркүйекте – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қабылдайды.- Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
- WhatsApp: 8 700 800 4441;
- komek@nurotan.kz
Сондай-ақ, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі алаңында заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен ақысыз консультативті онлайн кездесулер ұйымдастырылды. Оған жоғарыда көрсетілген байланыс телефондары арқылы жазылуға болады.