Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында командалық есепте топ жарды
Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында командалық есепте топ жарды
146
оқылды
Дубайда өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 47 медаль жеңіп алды: 19 алтын, 15 күміс және 15 қола, - деп хабарлады Қазақстан Бокс федерациясы. Қайрат Сатжанов пен Елдос Сайдалин жаттықтыратын жасөспірімдер мен қыздардан құралған команда Азия чемпионатында бас-аяғы 22 медаль еншіледі: 11 алтын, 6 күміс, 5 қола. Жалпыкомандалық есепте қазақстандық боксшылар бірінші орынға ие болды (19/15/15). Екінші орында – Өзбекстан (17/10/12), ал үшінші орында – Үндістан (14/14/11). Қазақстандық Елнұр Сүйінбай техникалық тұрғыда турнирдің ең үздік боксшысы атанды. Оған арнайы сыйлық табысталды.