Жалпы, кез келген мемлекетті өзге елден биік, беделді ететін үш тұғыр бар. Ол – айбынды әскер, қарыштаған экономика, демографиялық өсім. Мұның бірі екіншісінен әлсіз болса, ол мемлекеттің әлем алдында абыройы төмен. Сондықтан ел әскерінің қуатты әрі барлық жағдайға сақадай-сай болуы – маңызды. Тіпті, бұл осы саланы басқаратын басшыларға да байланысты. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихында қорғаныс саласын кімдер басқарғанын, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктері, қандай ісімен ел есінде қалғанын анықтамақ болдық...
30 жыл ішінде еліміздің қорғаныс саласын оншақты адам басқарыпты. Қызығы, олардың бәрі бірдей әскер көріп, әскери қызметте болған емес. Қорғаныс министрлігі 1992 жылдың 7 мамырда ҚР Президенті Жарлығы бойынша құрылды. Еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі – Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов болды. Ол министрлікті 1992 жылдың мамырынан 1995 жылдың қазанына дейін басқарды. Қорғаныс саласының негізін қалаған осы кісі еді. Сол кезде Елбасының «Тәуелсіздік алған кезде елдің әскерін басқара алатын бір ғана генерал – Сағадат Нұрмағамбетов», – дегені бар. [caption id="attachment_158747" align="alignnone" > ©sputnik.kz[/caption]Ол Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалған соң, сапалы әскери мамандарды даярлауға бар күшін салды. 1993 жылы Сағадат Нұрмағамбетовке генерал-полковник атағы беріліп, бір жылдан кейін әскер генералы атанды. Ал 1994 жылы оған Халық Қаһарманы атағы берілді. Келесі жылдың қарашасында зейнеткерлікке шыққан ол, Қазақстан Президентінің кеңесшісі болды. Еліміздің қорғаныс саласына еңбегін сіңірген азаматымыз 2013 жылы 89 жасында дүниеден өтті. [caption id="attachment_158751" align="alignnone" > ©sputnik.kz[/caption] Еліміздің екінші Қорғаныс министрі Әлібек Қасымов болды. Ол министрлікті бар-жоғы (1995 жылдың 16 қазаны –1996 жылдың 30 қазаны) бір жыл ғана басқарды. Білетіндер генерал Әлібек Қасымовты білгір де, білімді штабист деп бағалады. Кеңес әскері тұсында Армия штабында жауапты қызметтер атқарған офицердің болашағынан басқаны күту де қиын шығар. Оның басшылығымен қысқа уақыт ішінде Кадет корпусы құрылды. Оған қоса, ол Қарулы Күштердің кәсіби сержанттарды дайындайтынның бірден бірі еді. Соның ұсынысымен әскер бюджеті ұлғайып, взвод командирінің орынбасарлары және бөлім командирлерінің жалақысы мен әлеуметтік пакеті болуы талап етілді. [caption id="attachment_158752" align="alignnone" > ©sputnik.kz[/caption] Ал Мұхтар Алтынбаев екі рет Қорғаныс министрі болды. Біріншісінде – 1996 жылдың 30 қазаны мен 1999 жылдың 9 тамызы аралығында, екіншісінде – 2001 жылдан 2007 жылға дейін алты жыл басқарған болатын. Оның бұл қызметінен алғашқы кетуі – дау-дамайдың кесірі еді. Сол кезде ведомство сатқан бес АН-28 ұшағының бағасын ол түсіріп жіберген. Алайда осы келеңсіздікке қарамастан екі жылдан кейін Алтынбаев қайтадан басшылық қызметке келді. 2001 жылдың желтоқсанында Алтынбаевты екінші рет министрлікке тағайындаған Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиғаның реттелгенін және Алтынбаевтың кінәсі жоқ екенін айтты.Өйткені Сағадат Қожахметұлының әскери тәжірибесі мол. 18 жасында кеңес әскер қатарына қабылданған ол, Түркіменстанда пулеметшiлер дайындайтын училищенi үздiкке бітірген. Кейін взвод командирi ретiнде майдан шебiне аттанады. Соғыс жылдарында Варшава қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан Магнушев қаласын жау әскерінен тазартуда Нұрмағамбетов әскерлерді сауатты басқара білуімен көзге түскен. Сонда Кеңес Одағының маршалы Жуков Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының батыры атағын беруді ұсынады. Осылайша, 1945 жылдың 27 ақпанында 21 жасында оған Кеңес Одағының батыры атағы берілген. Міне, осындай жанның еліміздің қорғаныс саласын басқару заңдылық еді.
[caption id="attachment_158753" align="alignnone" > ©sputnik.kz[/caption] 1999 жылдың 13 қазаны мен 2001 жылдың 8 желтоқсаны аралығында Қорғаныс министрі Сәт Тоқпақбаев болды. Төртінші қорғаныс министрі – бүкіл өмірін қауіпсіздік органдарында жұмыс істеуге арнаған. Атап айтсақ, ол ҰҚК бірінші басшысы, Президенттік күзет қызметінің және Республикалық ұланның басшысы болды. Ол – әскери жаттығуларды, оның ішінде халықаралық жаттығуларды өткізуді жаңғыртқан адам. [caption id="attachment_158755" align="alignnone" > ©sputnik.kz[/caption] Бұдан кейін бұл қызметке келген Даниал Ахметов еді. Қауіпсіздік саласында ешқандай тәжірибесі жоқ азаматтың қорғаныс саласына келуі – бірінші жағдай. Оның тұсында қару-жарақ пен оқ-дәрiнің ұрлануы, жоғалуы өршіп кетті. Оның үстіне Қорғаныс министрлiгiне қарасты түрлi әскери қоймалар мен оқ-дәрi қоймаларында өрт шығуы, түрлi тiкұшақтардың апатқа ұшырауы, адам қазасы көбейе түсті.Өзіне деген Президенттің сенімін қайтарған Алтынбаев Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб арасында функцияларды бөле отырып, әскери салаға реформа енгізді. Тіпті, елінің игілігі жолындағы еңбегі үшін оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
[caption id="attachment_158757" align="alignnone" > ©sputnik.kz[/caption]Бір кездері Қорғаныс министрлiгiнде пәтер бөлуде орын алған келеңсiздiктер де өрши түсті. Жүздеген пәтердiң заңсыз үлестiрiлуi – қоғамды дүрліктірді. Ең қызығы, 2009 жылдың сәуірінде, Ахметовтің жұмыстан босатылуына екі ай қалғанда, оның орынбасары генерал-майор Қажымұрат Маерманов ұсталды. Маерманов сыбайлас жемқорлық қылмысы, пара алғаны және қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 11 жылға сотталды.
Оған дейін Индустрия және сауда министрлігін, Астана қаласын, Президент Әкімшілігін басқарған, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Әділбек Жақсыбековтің бұл қызметке «өрт сөндіруші» миссиясын атқаруға келген деп бағалады сарапшылар. [caption id="attachment_158763" align="alignnone" > ©.sputnik.kz[/caption] Одан кейінгі Қорғаныс министрі Серік Ахметов те бұл қызметте ұзақ отырмады. Қызметтен кетісімен бір айдан соң оған Қылмыстық Кодекстің 176-бабы бойынша «жемқорлыққа қатысы бар» деген айып тағылды. Сол кездегі Премьер-министр үй қамағына алынып, бүкіл Қорғаныс министрлігінде де ауқымды тексеріс жүргізілді. Тергеушілердің күдігінше, ведомствода жарнама науқанына бөлінетін соманың бағасы бірнеше есе жоғары көрсетіліп, сол арқылы бюджет ақшасы ұрланған.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қорғаныс министр қызметіне Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Әділбек Жақсыбеков тағайындалды. Ол өзінің алдында болған экс-министр Ахметовтің ісін жалғастырды. 2009 жылы 3 мыңнан астам әскери қызметшіге жаңа пәтер берілді.
[caption id="attachment_158764" align="alignnone" > ©.sputnik.kz[/caption] Министр болған азаматтық тұлғалардың ішінде Иманғали Тасмағамбетов әскери саланың жұмысын арттырды деуге болады. Ол Қорғаныс министрі лауазымын 2014 жылғы қазан айынан бастап атқарды. Екі жылдың ішінде еліміздің Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет қазақстандық Әскери-әуе күштері 4++ үлгідегі су жаңа жоғары маневрлі көпфункционалды екі орынды Су-30СМ жойғышымен, жаңа Ми-171Ш көліктік-жауынгерлік тікұшағымен, жаңа С-295 әскери-көлік ұшағымен толықты.Осылайша, Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, «бас бостандығынан айыруды шектеуге ауыстыруға байланысты» ол жарты жылдан кейін босатылды.
Тасмағамбетовтің тұсында бірнеше оқу-жаттығу дайындығы ұйымдастырылды. Және сол жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі төрт хаттамаға қол қойды. Соған сәйкес Жаман-Тау, Сарышаған және Тайсойған сынама полигондарын пайдалану және жалға алу тәртібі өзгерді. Нәтижесінде пайда қазбаларының кен орындары мен коммуникациялар орналасқан жалға алудан 1,6 млн. га. аумақ шығарылып, Қазақстанға берілді. Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болып қызметке кіріскеннен кейін сарбаздардың әлеуметтік жағдайы біртіндеп шешіліп, әскери қызметте жүріп баспаналы болудың жүйесі қалыптасты. [caption id="attachment_158770" align="alignnone" > ©.sputnik.kz[/caption] Ал 2016 жылдың 13 қыркүйегі – 2018 жылдың 7 тамызы аралығында Сәкен Жасұзақов Қорғаныс министрлігін басқарды. Сол жылдары әскери сала біршама босаңсыды деуге болады. Сонымен қатар дәл осы кезеңде ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрылуы – Қорғаныс министрлігінің бәсін біршама төмендетті. Өйткені еліміздегі Қорғаныс саласына қарайтын кәсіпорындардың біразы аталған министрліктің құрамына өтіп, әскерилер таза өз шаруасымен қалды. Сөйтіп, Елбасы Қорғаныс министрлігінің біраз міндетін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне еншілеп берді. [caption id="attachment_158772" align="alignnone" > ©.sputnik.kz[/caption] 2018 жылдың 7 тамызында Елбасы Нұрлан Ермекбаевты Қорғаныс министрі етіп тағайындағанда, «Әскери қызметте тәжірибесі бар, кадрдағы офицер, Қауіпсіздік Кеңесінің екі рет хатшысы болған» деп сипаттаған еді. Сонымен қатар оның одан басқа Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі деген дипломатиялық дәрежесі барын айтты. Ең бастысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ермекбаевқа қаруды технологиялық жетілдіру мен жаңғыртумен айналысуды тапсырған. Сол кезде ол Каспий теңізінің қорғанысын күшейтуге бұйрық беріп, теңіз арқылы ұшуды жүзеге асыру персоналдың жауапкершілікпен қарауын және жердегі қызметтердің үйлесімді жұмысын талап етті. Сонымен бірге Ермекбаевтың бұрынғы Азаматтық қоғам дін істері жөніндегі министрлікті басқарып, аз ғана уақыттың ішінде елде ушыққан діни мәселелерді өз арнасына түсіргенін байқауға болады. [caption id="attachment_158080" align="alignnone" > ©aikyn.kz[/caption] Алайда, 26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада оқ-дәрі жарылуы Ермекбаевтың жұмысын құрдымға кетірді деуге болады. Жарылыстың салдарынан 15 адам қаза тауып, жүзге тарта адам жарақат алды. Ал бір адам хабар-ошарсыз. Қаза тапқандардың бәрі – Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдай министрлігі өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері. Жамбыл облысы әкімдігінің айтуынша, апат салдарынан 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық объект, үш мектеп бүлінген. Ермекбаев апаттың себебі ретінде қоймада қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, я химиялық реакциямен өздігінен тууы немесе диверсия болуы мүмкін деп болжаған. Осы жағдайға байланысты министр отставкаға өтінішін де берген. Соған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдаған болатын. [caption id="attachment_158774" align="alignnone" > ©baribar.kz[/caption]Елордада «Арлан» көпмақсатты маневрлі броньды машиналардың, яғни, миналар мен баллистикалық снарядтардан керемет қорғайтын жауынгерлік іс-қимылдардың төтенше маневрлі аспабының іске қосуы ретке келтірілді. 2016 жылдың наурызында ҚР Қорғаныс министрі алғашқы қазақстандық патрон зауыты құрылысының басталуына жол ашты.
Мәселе - қорғаныс саласын кімдердің басқарғанында емес, қандай нәтижелі жұмыс атқарғанында. Осы тұрғыдан келгенде, соңғы жылдары мемлекет тарапынан әскеріміздің әлеуетін көтеруге байланысты шаралар атқарылуда. Десе де, саланы бертінде тізгіндеген министрлердің «қайтсем, қорғанысты қауіпсіз етемін…» деп білекті сыбана еңбек еткенін байқамадық. Әлі де көп нәрсе шешімін таппай келеді. Ал ендігі сайланған Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов не істейтінін уақыт көрсетер. 30 жылда – 12 министр. Аз ба, көп пе?Бұл – Ермекбаевтың қорғаныс министрі қызметіндегі екінші апат. 2019 жылы осыған ұқсас жағдай Түркістан облысы Арыс қаласында болған. Ол жерде әскери қоймада жарылыс болып, төрт адам қайтыс болды. Ондаған адам жарақаттанған. Апат салдарынан ондаған мың адам үйін тастап, босып кеткен.