Қазақстандық боксшы жастар арасындағы Азия чемпионатында арнайы сыйлыққа ие болды
Қазақстандық боксшы жастар арасындағы Азия чемпионатында арнайы сыйлыққа ие болды
Фото: Vesti.kz
139
оқылды
Қазақстандық боксшы Елнұр Сүйінбай Дубайда (БАӘ) өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында техникасы ең мықты спортшы атанды, деп хабарлайды Sports.kz. 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Сүйінбай ақтық айқаста үндістандық Ваншаджбен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңімпаз атанды. Қазақстанның ерлер арасындағы жастар құрамасы (2003-2004жж.) біріншілікте 12 медаль жеңіп алды: сегіз алтын, екі күміс және екі қола. Медаль саны бойынша екінші орында Өзбекстан – оларда жеті медаль бар (үш алтын, үш күміс және бір қола). Үшінші орында Үндістан тоғыз медальмен (екі алтын, үш күміс және төрт қола) тұр.