Алматы облысында ломбардтан 33 млн теңгенің құнды заттарын ұрлады деген күдікпен үш адам ұсталды. Алматы облысының Жамбыл ауданында 41 жастағы Қарғалы ауылының тұрғыны полицияға арыз түсірді. Ол белгісіз адамдардың ломбардтан бағалы заттар мен ақша ұрлағаны жөнінде шағымданған.
«Полицияның криминалдық тобы үш күдіктіні анықтап, ұстады. Оның екеуі 27 және 32 жастағы Алматы облысының және біреуі 52 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Оларды арнайы жасақпен ұстап, полицияға жеткізді», – деді Алматы облыстық Полиция департаментіндегі Криминалдық полиция басқармасының бастығы Данияр Асхат.