Білімді өрендер Президент алғысхатын алды

Білімді өрендер Президент алғысхатын алды

Білім және ғылым министрі халықаралық Олимпиада жүлдегерлерімен кез­десіп, Президенттің атынан алғысхат табыстады.

Биыл ірі халықаралық жа­рыс­тарда оқушылар 26 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 алтын, 13 күміс және 11 қола бар. Нәтижесінде, кейінгі жыл­дар­­дағы рекорд жаңарған. «Дарынды балаларды қолдау мәселесіне келетін болсақ, қазір ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай министрлік бұл бағытта жүйелі және кешенді шешімдер әзірлеп жатыр. Олимпиада қатысу­шы­ларының мұғалімдеріне, ата-аналары мен жаттықтырушы­ларына тағы да алғыс айтқым ке­леді. Сіздердің мұндай нәти­желерге қол жеткізуде еңбек­те­рі­ңіз орасан зор», – деді А.Аймағамбетов. Кездесуге қатысқан балалар жеңіске жету жолындағы қы­зықты оқиғаларымен бөлісіп, министрге ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ олар жаттықтыру­шыларымен бірге өздерін одан ары дамыту жайын талқылады. Кездесу соңында Олимпиада жүлдегерлеріне Мемлекет бас­шы­сының атынан алғысхат та­бысталды. Сонымен бірге жаттықтыру­шы­лардың да еңбегі ескерілді. Бұған дейін министрдің атынан 3 мың дарынды баланың ата-аналарына алғысхат жіберілген.

А.АЙДАРҚЫЗЫ