Шведова жеңіліп қалды
Шведова жеңіліп қалды
113
оқылды

Қазақстан әйелдер құрама­сының капитаны Ярослава Шведова US Open турнирінде қарсы­ласына есе жіберді.

Дүниежүзілік рейтингте 452-орында тұрған Я.Шведова алғашқы айналымда әлемнің 99-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен кездесті. Бұл кез­десуде италиялық теннисші 6:3, 6:4 есе­бімен жеңіске жетті. Я.Паолини 1 са­ғат­тан астам уақытқа созылған бәсе­ке барысында 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнт­тың алтауын өз есебіне жазды. Я.Шведова болса 4 эйс, 4 брейк (6 брейк-пойнт) жасады. Осылайша, АҚШ ашық чемпионатында жекелей сынға қатысып жатқан төрт теннисші­міздің үшеуі жарыс жолын аяқтады. Токио Олимпиадасында 4-орын алған Елена Рыбакина келесі кезеңге өтті. Сондай-ақ 31 тамыз күні ерлер ара­сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик германиялық Янник Ханфманмен кездеседі. Зарина Дияс америкалық Аманда Анисимовамен сынға түседі.

 А.ЖОЛДАС