Air Astana IATA Travel Pass қосымшасын тестілейді

Air Astana IATA Travel Pass қосымшасын тестілейді

Air Astana  2021 жылдың 2 қыркүйегі мен 16 қыр­күйе­гі аралығында IATA Travel Pass қосымшасын Нұр-Сұл­тан-Стамбұл-Нұр-Сұлтан халықаралық бағытында тес­тілеуден өткізеді.

IATA Travel Pass мобильді қо­сым­шасы Халықаралық әуе кө­лігі қауымдастығымен (IATA) жо­лаушылардың ПТР-тесті мен вак­цинация туралы ақпаратын шет елдердің санитарлық талап­та­рымен біріктіру үшін жасал­ған. Қосымша сонымен қатар ПТР-тестін алуға арналған сер­ти­­­фикатталған зертханалардың жаңартылған тізіміне қол жет­кізу­ге мүмкіндік береді. «IATA Travel Pass эпиде­мио­ло­гиялық шектеулер кезінде ха­­­лықаралық рейстерді ерте жан­дандыруға көмектеседі», – деді Air Astana  әуекомпания­сы­ның жердегі қызмет жөніндегі ви­це-президенті Александр Не­­бога. «Қосымша халықара­лық рейстерді ұйымдастыруды оң­тайландырады, жолау­шы­лар­ға ұшатын елдің талаптарын тез білу­­ге мүмкіндік береді, жо­лау­шы­­лардың әуежай қызметкер­лері­мен байланысын азайтады, жал­ған ПТР-тесті мен вак­ци­на­ция сертификаттарының жағ­дай­ларын жояды». Air Astana-мен бірге әлемнің 70-тен астам әуекомпаниясы ха­­­­лықаралық бағыттарда IATA Travel Pass қосымшаларын тес­ті­леп жатыр.