Жұмыс орнындағы жарақат азаймай тұр
Жұмыс орнындағы жарақат азаймай тұр

Былтыр Қарағанды облысында өндіріс орындарындағы қайғылы оқиғалар саны 40%-ға артқан. 2020 жылы 213 қайғылы оқиға тіркелсе, оның алдыңғы жылы 152 жағдай болған екен. Осындай оқиғалар салдарынан зардап шеккендер де артып отыр, 260 адам жарақаттанып, 35 адам қайтыс болыпты. Еңбек заңнамалары нормаларының орындалуы, еңбеккерлер құқығының сақталуы туралы Қарағанды облыстық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы Ирина Любарская баяндады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болғандай биыл алты айда 112 қайғылы оқиға тіркел­ген. – Былтыр бұл уақытта 95 оқиға болған, – дейді Ирина Лю­барская. – 139 адам жапа шексе, 18-і қайтыс болды. Барлық көр­сеткіштер бойынша өсім бай­қалады. Қарағанды – өндірістік өңір. Еңбек инспекциясы тек­серіс кезінде өндіріс жарақат­тарына және оның себептеріне баса назар аударады. Қайғылы жағдайлардың себептерін анық­тау бойынша жасалған зерттеулер жұмыс берушінің кінәсінен бо­латынын көрсетті. Жұмыс бе­руші жұмыс өндірісін дұрыс ұйым­дастырмайды, яғни болуы мүмкін тәуекелдердің алдын алу­ға қам жасамайды. Ал жұ­мыс­керлердің қауіпсіздік шараларын сақтауға жауапты адамдар өз міндетіне олқы қарайды. Жұмыс орын­дарында қауіпсіздік техни­касына жауапты қызметті кәсіби талап­тарға сай келмейтін адам­дар орындайды. Бұл көбінесе құры­лыс саласында болады. Жұ­мыс берушілер құрал-жаб­дық­тарды жаңарту ісіне, еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселесіне көңіл бөлмейді, сондай-ақ кәсіби мамандарды қамту да ақсап жатады. Қайғылы жағдайлар тәуекелі еңбек өтілі 3 жылға дейінгі жас мамандар арасында болады. Басшылық тарапынан бақылау­дың жоғы, тәлімгерліктің бол­мауы, нұсқаулықтың болмауы себебінен болады. Қайғылы оқиғалардың 57%-ы 55 жастан асқан жұмыскерлер арасында болады. Олар өздерінің тәжіри­бесіне сенгенімен, олардың ара­сында да мұндай жағдайдардың тіркелетінін деректерден білуге болады. Сонымен қатар жұмыс берушілердің барлығы дерлік ауысым алдында жұмыскерлердің денсаулығын тексермейді. Брифинг барысында бас­қарма басшысы жұмыс орын­дарындағы қайғылы оқиғалар мен еңбек ауруларының өзді­гінен пайда болмайтынын және олар­дың себебі болатынын атап өтті. – Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші еңбек бойынша уәкілетті тұлғаға өндіріс орнында болған қайғылы оқиға жөнінде бір тәулік ішінде хабар беруге міндетті. Алайда осындай оқиға­ларды уақытында айтпаған жағ­дайлар анықталды. Сонымен қа­тар жауапты лауазымды тұл­ғалар мен денсаулық сақтау ме­кемелері де жұмыс орнында қан­дай да бір жарақат алған бар­лық жағдайлар бойынша жұмыс берушіні және жергілікті еңбек инспекциясы органын хабардар етуге міндетті, – дейді спикер. Бүгінде Денсаулық сақтау басқармасымен тығыз қарым-қатынас орнаған. Мәлім болған әр факті жіті қадағаланады. Тіпті, сол кезде еңбек орнындағы жарақатты жасырса да, жұмыс­кер біраз уақыттан кейін ауыруы мүмкін. Яғни, тұрмыстық жара­қат ретінде қаралған іс қайта зерттеледі. – Былтыр полиция орган­да­рына 286 қайғылы оқиғаның зерт­теу материалы жолданды. Онда қайғылы оқиғаға жауапты тұлға­лардың әрекеті немесе әре­кет­сіздігі көрсетілген. Онда 40 қыл­мыстық іс тоқтатылды, қал­ған­да­ры өндірісте. Биылғы алты айда осындай 122 мате­риал жол­дан­ды, – деп атап өтті И.Любарская.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы