Астанада сауда үйі өртеніп жатыр – видео
Астанада сауда үйі өртеніп жатыр – видео
Фото: ТЖМ-нен алынды
156
оқылды

Өрт  сөндіру бөліміне Байқоңыр ауданы Уәлиханов көшесі, 24 мекенжайындағы «Тұлпар» сауда үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

4 қабатты сауда үйінің ең жоғарғы 4-қабатында орналасқан сауда бутиктері өртенген. Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінген. Қазіргі сәтте өрт орнында  елордалық ТЖД-ның 19 бірлік техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған. Өрттен зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. https://youtu.be/FNNpwBVq9XI