Екпе салдыруға қарсы адамдар әлі де көп – Президент
Екпе салдыруға қарсы адамдар әлі де көп – Президент
Фото: yandex.kz

Президент Қазақстан вакцина жасаған бірден-бір ел екеніне тоқтала келе, елде вакцина жеткілікті екенін айтты.

Сондай-ақ әлі де вакцина алуға қарсы әрі теріс пікір айтатындар көп екенін де атап өтті.

"Пандемия қарқыны әлі бәсеңдеген жоқ. Халықтың денсаулығын сақтауда вакцинаның маңызы зор. Алдағы уақытта коронавирустың мутациясы қалай өзгерері де белгісіз. Сондықтан вакцина алуға қарсы адамдар өзіне де, өзгеге де зиянын тигізуде", – деді Президент.