Ауғанстандағы ахуалға байланысты қорғанысты күшейту керек – Мемлекет басшысы
Ауғанстандағы ахуалға байланысты қорғанысты күшейту керек – Мемлекет басшысы
Фото: dsnews.ua

Жолдауда Ауғанстандағы ахуалды ескере отырып, қорғанысты күшейту керек екенін айтты.

Президенттің айтуынша, Ауғанстандағы жағдайды ескеріп, елдегі қорғанысты нығайту маңызды.

«Ауғанстандағы жағдай, шиеленістің өршуі әскери доктрина мен қорғаныс кешенін жан-жақты саралауды қажет етеді. Қорғаныс қабілетін нығайту, қауіп-қатерден сақтану да мемлекеттік маңызды басымдыққа айналуы тиіс. Біз сыртқы сын-қатерге әрдайым дайын болуымыз керек», – деді Тоқаев.