Жолдауда Ауғанстандағы ахуалды ескере отырып, қорғанысты күшейту керек екенін айтты.
Президенттің айтуынша, Ауғанстандағы жағдайды ескеріп, елдегі қорғанысты нығайту маңызды.«Ауғанстандағы жағдай, шиеленістің өршуі әскери доктрина мен қорғаныс кешенін жан-жақты саралауды қажет етеді. Қорғаныс қабілетін нығайту, қауіп-қатерден сақтану да мемлекеттік маңызды басымдыққа айналуы тиіс. Біз сыртқы сын-қатерге әрдайым дайын болуымыз керек», – деді Тоқаев.