Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді
Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді
Фото: www.pinterest.ru
178
оқылды

Президенттің айтуынша, зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алу тұрғындардың баспаналы болуына септігін тигізді.

«Бұл үрдісті қолдау үшін жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинағының бір бөлігін болашақта баспана сатып алу үшін «Отбасы банкке» аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын. Бұл ақша жинау дағдысын қалыптастырып, қаражатты сауатты басқаруға мүмкіндік береді», – деді Президент.

Сондай-ақ «Баспана хит» және 7-20-25 тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі аяқталады. Оның орнына жаңа бағдарлама әзірленбек.

Президенттің айтуынша, нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары, баспана алу үшін бәріне бірдей қолжетімді емес. Осыған орай бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді.