Токиода өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан командасының қоржынына бесінші жүлде түсті, – деп хабарлайды Olympic.kz. 100 метрге брасс әдісімен жүзуден ерлер арасында өткен жарыста қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды. Бұл бәсекеде германиялық Талисо Энгель жеңімпаз атанса, америкалық Дэвид Абрахамс күміске иелік етті. Айта кетелік, қазақстандық паралимпиадашылар Токиода бесінші жүлдесін жеңіп алды. Бұған дейін пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын алса, Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина дзюдодан күміс медаль иеленді.