Петропавлда екі бойжеткен аялдаманы қиратқан
Петропавлда екі бойжеткен аялдаманы қиратқан
Фото: Zakon.kz
156
оқылды
Петропавл қалалық полиция басқармасының мәлімдеуінше, 1 қыркүйек күні сағат таңғы 5.00 шамасында Петропавл тұрғыны  колледж маңындағы әйнек аялдаманы біреулердің сындырғанын айтқан. Оқиға орнына жеткен полиция наряды бұзақыларды сол жерде ұстаған. Аялдаманың әйнегін шаққандар облыс орталығының тұрғындары – 20 жастағы екі бойжеткен екен. Екеуі де мас болған. Осы оқиғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы – «Ұсақ бұзақылық» бойынша материал жиналды. Іс сотқа беріледі. Бұл бап бойынша 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл немесе 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.