Жамбыл облысында жарылыстан қаза болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі

Жамбыл облысында жарылыстан қаза болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шадиұлы жарылыс кезінде қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден берілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды  Aibat жаңалықтар қызметі. Облыс әкімінің орынбасары AIBAT жаңалықтар қызметіне эксклюзив сұхбат беріп, осындай ақпарды жеткізген. Оның айтуынша, 15 миллион теңгенің 5 миллионы жергілікті, ал 10 миллионы республикалық бюджеттен бөлінбек. Сондай-ақ, осы отбасылардың банкте несиесі болса, пәтер кезегінде тұрғандары болса, оларға жәрдем беру қолға алынады.