БҚО тұрғыны жарты тонна балықпен ұсталды
БҚО тұрғыны жарты тонна балықпен ұсталды
127
оқылды
БҚО полицейлері заңсыз ауланған балықтың жарты тоннасын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. БҚО полиция қызметкерлері Ақжайық ауданының 29 жастағы тұрғынының Volkswagen Sharan автокөлігін тінту кезінде салоннан салмағы 500 келі болатын балықты тәркіледі.  width= Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Күдіктіден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігіне (балықты заңсыз аулау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.