Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы – Қазақстанымыздың тұрақтылығын сақтай отырып, одан әрі дамытуға арналған стратегиялық құжат.
Себебі Жолдауда саяси, әлеуметтік, экономикалық өсіп-өркендеудің нақты жолдары, нақты қадамдары көрсетілді. Оның ішінде, әсіресе агроөнеркәсіп, денсаулық, білім, аймақтар дамуы және басқа да бағыттарды нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Ал біздің депутаттық корпустың ендігі басты мақсаты – ол осы барлық бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету.