Таэквондошыларда – үш медаль
Таэквондошыларда – үш медаль
210
оқылды

Эстонияның Таллин қала­сында өткен Tallin Open халықаралық турнирінде қазақстандық таэквондошылар үш медаль жеңіп алды.

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты хабарлады. Нұрлан Мырзабаев 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальді жеңіп алды. Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейін) пен Ерасыл Арапбай (68 келіге дейін) қола жүлдегер атанды. G-1 сы­ныбындағы бұл турнир 28-29 тамыз күндері өткен болатын. Онда әлемнің әр түкпірінен келген 250 спортшы бағын сынады.

Н.СӘРСЕНҒАЛИҰЛЫ