Жалған еуро сатқан
Жалған еуро сатқан

Қаржылық мониторинг агент­тігінің Шымкент қалалық де­партаменті ірі көлемде жал­ған еуро сатқан күдіктіні ұстады.

Азамат Б.Қорғанбаев жалған еуроны Өзбекстанда құнының 50% төлеп, сатып алған. Кейін оны түрлі жол­дармен Қазақстанда сата бас­таған. «Аумақтық департамент қыз­меткерлері Шымкент қаласындағы банктердің бірінде жұмыс істейтін мамандардың клиенттерге 4 000 еуро бергенін анықтады. Тергеу барысында Б.Қорғанбаевтың бұл қылмысқа қатысы бары дәлелденді», – делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында. Б.Қорғанбаев бұған дейін алаяқ­тық әрекеті үшін сотталған. Ол ақша алған таныстарына қары­зын жалған еуромен қайтарып отыр­ған. Б.Қор­ған­баев номиналы 500 еуро болатын 10 мың жалған еуроны заң­сыз пай­даланған. Ол осы қыл­мыс­тық әрекеті үшін 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

А.ЖАНАСЫЛ