Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі күні кезек күттірмей шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселені көтерді. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған басым бағыт белгіленіп, ол бойынша 2025 жылға дейінгі дамудың Жол картасы қабылданатын болды.
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы ретінде Президенттің қорғаныс қабілетін нығайту қажеттілігі туралы айтқандарын толық қолдаймын. Қауіп-қатерлерге ден қоюдың жеделдігін арттыру да мемлекеттік маңызы бар басымдық болуы тиіс. Ауғанстандағы қазіргі жағдай бәріне белгілі. Бұл географиялық тұрғыдан бізге жақын елде болған кезде, басты міндет – қырағылықты жоғалтпау және қауіпсіздігімізді нығайту. Сондықтан Мемлекет басшысы сыртқы қауіп-қатерлерге, кез келген жағдайдың ушығуына дайын болуға тиіс екенімізге ерекше назар аударды. Рас, бұл елде болып жатқан оқиғалар Қазақстанға тікелей қауіп төндірмейді. Бірақ белгілі бір қауіп-қатер туғызатынын түсіну керек. Біз Ауғанстандағы жағдайға қатысты қоғамда алаңдаушылықтың артқанын көріп отырмыз. Сондықтан халықаралық жағдай ушығуы біздің күш құрылымдарымыздың барынша жұмылуға жұмыс істегені жөн. Қазір күштік құрылымдарымыздың барлық тиісті бөлімшелері үшін белгілі бір міндеттер туындап отыр. Бұл бойынша да болашақта мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жоспары әзірленіп, түзетілетін болады. Жаһандық шиеленістің өсуін ескере отырып, Қазақстан Президенті алдына қорғаныс өнеркәсібі кешені мен әскери доктринаны қайта жүктеу міндетін қойып отыр. Сондай-ақ әскери қызметшілердің азаматтық мамандықтарды игеруі қажет. Қорғаныс министрлігі алдына нақты міндеттер жүктелді. Қарулы Күштерді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының барлық басымдықтарын толық көлемде іске асыруға, әскери қауіпсіздік қатерлеріне жедел ден қою үшін басқару органдарын даярлау жөніндегі іс-шараларды жалғастыруға назар аударды. Жоғарғы Бас Қолбасшы барлық оқ-дәрілер қоймаларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қатаң шаралар қабылдауды және елді мекендерден алыс жерде заманауи сақтау нысандарының құрылысын тездетуді талап етті. Тиісті қаражат «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы шеңберінде көзделуі тиіс. Ал біз өз кезегімізде Жолдауда айтылған басымдықтар мен нақты міндеттерді іске асыру үшін белсенді жұмыс істей береміз.Нұржан НҰРСИПАТОВ, Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы