Тек қана кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. «Қазгидрометтің» мәліметінше, антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен оңтүстік-шығыста таулы аудандарда, батыста, шығыста және орталықта нөсер жаңбыр жауады. Жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, батыста дауыл соғады, оңтүстік-шығыста, батыста бұршақ, солтүстік пен орталықта тұман түсуі мүмкін.
Күндіз Атырау облысының батысында найзағай, бұршақ, дауыл соғуы мүмкін, жел найзағай кезінде 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз батыста, солтүстік-батыста жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте, орталығында тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында түнде шығыста найзағай жарқылдайды, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Жамбыл облыстарында таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз Ақтөбе облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облысында, Жамбыл, Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.