Есірткі сатумен айналысқан 32 жастағы әйел ұсталды
Есірткі сатумен айналысқан 32 жастағы әйел ұсталды
Фото: ПД-нен алынды
119
оқылды

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіні «Буран-183» патрульдік экипажы Сейфуллин мен Райымбек даңғылының қиылысында ұстады.

Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов: «1989 жылы туған А. есімді әйелдің іс-әрекеті инспекторларға күдікті болып көрінді. Ол патруль көлігін көре салысымен қаша жөнелген. Себебін анықтау үшін тәртіп сақшылары оны ұстады. Анықталғандай, әйел саудамен айналысқан. Ұсталмас бұрын клиентпен алдын ала келісілген жерге есірткінің төрт бумасын қойып үлгерген. Тексеру кезінде тағы 10 бума табылды», – деді. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Алматыда есірткі сатқан әншілер ұсталған еді.