Оған қоса, жемқорлықты көбейтті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов айтты, – деп хабарлайды AstanaTV.
Депутаттардың айтуынша, кәсіпкерлердің ісі жүрмей, ел экономикасы тоқырауда. Ал өңірлерде шенеуніктердің жақындары немесе тексерушілерге ақысын төлеген кәсіпкерлік нысандары шектеуге қарамастан жұмыс істеп тұр. Әсіресе, той-томалақ тоқтар емес. Сондықтан мәселені шешудің басқа жолын қарастырған жөн деді депутаттар.Дәрігерлер екі жыл қатарынан физикалық және эмоционалдық мүмкіндіктер шегінде жұмыс істеп жатыр. Ал дәрігерлердің жағдайы науқастарға тікелей әсер етеді деді депутаттар.Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов: «Отбасылық шараларды өткізуге рұқсат бермеу, шын мәнінде, індеттің таралуын тоқтатуға еш әсер етіп отырған жоқ. Шектеу шаралары көзбояушылыққа, індетпен күрестің бейшара көрінісіне, коррупцияға айналды. Ресми түрде шектеу болғанымен, іс жүзінде жанұялық шаралар мен той жиындар пәтерлерде, жеке үйлер мен көзден таса кафелерде өтіп жатыр», – деді.
Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов: «Дәрігерлер мен медбикелер психолог ретінде де әрекет етеді, науқастарға қолдау көрсетеді, олардың отбасыларымен тіл табысады. Бірақ, дәрігерлердің өзін кім тыңдап, кім тыныштандырады? Ауыр жүктеме қызмет сапасына теріс әсер ететінін айтпаса да түсінікті», – деді.
Бұған дейін карантинде той өткізген әкім туралы жазған болатынбыз.