Көкшетауда Паралимпиада чемпионы Давид Дегтяревке құрмет көрсетілді     
Көкшетауда Паралимпиада чемпионы Давид Дегтяревке құрмет көрсетілді     
161
оқылды

Көкшетауда жаңадан ашылған аспан асты амфитеатрда облыс әкімі Ермек Маржықпаев елдің намысын төрткүл әлем алдында шырқау биікке көтерген спортшыға құттықтау сөзін арнап, барлық ақмолалықтардың атынан үш бөлмелі пәтер сертификаты мен жаңа Тoyota Camry автокөлігінің кілтін ұстатты.

   width=

«Токиода өткен XVI Паралимпиада ойындарында чемпион атанған жерлесіміздің есімі өңірдің спорттық жылнамасына енгізілді. Облыс спортшылары ел намысын әлемдік додаларда лайықты қорғап жүр. Шаңғы спортынан олимпиада чемпионы Владимир Смирнов, 1988 жылы өткен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Владимир Сахнов, Азия ойындарының күміс жүлдегері Мария Грабовецкая, бокстан әлем чемпионы Дина Жоламан сияқты спортшыларымыздың әйгілі есімдерінің қатарына Давид Дегтярев те қосылды», – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

   width= Жиын барысында Давидтің жаттықтырушысы Юрий Колесниковке де 5 миллион теңгенің сертификаты тарту етілді.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы