Тұралап қалған бизнесті қайта дамытуға мүмкіндік бар
Тұралап қалған бизнесті қайта дамытуға мүмкіндік бар
113
оқылды

Мемлекет басшысы назар аударған басты мәселе – ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, назардан тыс қалған сала қызметкерлеріне қолдау таныту, ұлттық экономиканы қайта көтеру мен бизнесті одан әрі дамытуға жол ашу болды.

Пандемиядан тұралап қалған кіші және орта бизнес өкілдеріне мемлекет тарапынан көмекті одан әрі жетілдіре түсуді, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын белсенді жүргізу, Ұлттық қор активтерін реттеу сынды уақыт  күттірмейтін тапсырмалар берілді. Қазіргі уақытта өзекті мәселе – ауыл шаруашылығы саласын қолдау, жайылым жерлер мен азық-түлік бағасын бақылау жайында да Жолдауда айтылып, нақты тапсырмалар берілді. Ел Президентінің Жолдауында көтерілген барлық әлеуметтік мәселелер партияның қызметімен үндес. Біз қоғамдық қабылдауларда азаматтардан түскен өтініштерге сараптама жасағанымызда дәл осы өзекті проблемалардың барлығын тыңдап, жергілікті басқару органдарына жолдап отырдық. Кері байланыс орнатып, халық пен биліктің ортасында шешімін шұғыл табуы тиіс сұрақтарды жауапты сала қызметкерлерімен бірлесіп шешуге тырыстық. Жолдауда қолдау тапқан барлық бағыттағы мәселелер алдағы уақытта мемлекет тарапынан ретке келтірілетіні қуантты. Сонымен бірге, 2024 жылы өткізілетін аудан әкімдерінің сайлауы да нұротандықтар қазірден бастап жүргізіп жатқан ауқымды демократиялық ашықтық үрдісінің заңды жалғасы болмақ. Біз елімізде саяси тұрақтылық пен дамуға бет алған экономиканың, тұрғындарының тұрмыс деңгейі тұрақты, заңды талаптары тыңдалып, уақтылы шешілетін зайырлы қоғам құруға күш жұмсауға әзірміз.

Аслан Нұрахметұлы КӨБЕНТАЕВ, 

Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары