Шымкент полицейлері жөргектерді ұрлаған азаматты ұстады
Шымкент полицейлері жөргектерді ұрлаған азаматты ұстады
© сурет интернеттен
Шымкент қаласы Абай аудандық полиция бөлімшесінің жергілікті полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының 52 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2020 жылдың 23 қаңтарында полицияға белгісіз ер адам дәріхана қызметкерлерін қорқытып, жөргектерді алып, бой тасалағаны туралы хабарламалар келіп түскен. Абай аудандық полиция бөлімшесінің Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекcтің 191-бабының 1-бөлігі (тонау) бойынша 3 оқиға және 187-бабы (ұсақ-түйек жымқыру) бойынша 2 оқиға тіркелген. Ұсталған азамат Шымкент қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті бірнеше дәріхананы тонауға қатысы болуы мүмкін. https://www.youtube.com/watch?time_continue=2&v=7yTpqQbALyk&feature=emb_logo