«Қазақша бизнес» фильміне түскен актер қайтыс болды
«Қазақша бизнес» фильміне түскен актер қайтыс болды
© brod.kz
701
оқылды
Қазақстандықтарға «Келін», «Қазақша бизнес» фильмдері арқылы танылған үнді актері Сидхарт Шукла 40 жасында қайтыс болды, – деп хабарлады news.am.
Актер Мумбаи қаласында бүгін таңертең жүрек талмасынан қайтыс болған.
Сидхарт Шукланың артында анасы мен екі қарындасы қалған. Сидхарт Шукла - Болливудтағы танымал  актер, модель және продюсер, сондай-ақ тележүргізуші. Қазақстандық көрермендерге «Келін» телетоптамасындағы Шива рөлімен танылған. Қазақстанға белгілі әзілкеш, актер Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасына қатысу үшін келген. Кейін Нұрлан Қоянбаевтың «Қазақша бизнес» фильміне түсіп, бай кәсіпкердің рөлінде ойнады.