Алматыдағы мектептердің бірінде бірінші «Ю» сыныбы ашылды
Алматыдағы мектептердің бірінде бірінші «Ю» сыныбы ашылды
© azattyq-ruhy.kz
243
оқылды
Алматыдағы №157 жалпы білім беретін мектепте «Ю» әрпімен белгіленген бірінші сынып ашылды. Биылғы оқу жылында бұл мектептің 1-ші сыныбына 714 бала қабылданды. Бірінші сынып оқушылары 28 сынып-жиынтығына бөлінді. Офлайн оқытуды ұйымдастыру кезінде сыныптағы оқушылар саны 25-тен аспайды. Жалпы, бұл мектепте 1-ден 11-ші сыныпқа дейін оқитын 4862 оқушы бар. Олар 185 сынып-жиынтыққа бөлінген. Мектептегі оқушылардың санының артуына, «Alma City», «BI Group» және «Шұғыла» жаңа ықшамаудандарының салынуы себеп болған. Айта кетейік, биыл Қазақстанда 400 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттады. Сондай-ақ Қосшы қаласындағы №2 мектепте бірінші сыныпқа 700 оқушы қабылданды. Осыған байланысты мектеп табалдырығын жаңадан аттаған балаларға арнап «Ы» сыныбы ашылды.