Иван Дычко "Канелоның" бапкерімен кездесті
Иван Дычко "Канелоның" бапкерімен кездесті
Қазақстандық боксшы Иван Дычко (10-0, 10 КО) WBA Super, WBO және WBC нұсқалары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносомен кездесті. Бұл туралы аса ауыр салмақта өнер көрсететін отандасымыз инстаграм желісінде мәлімдеді. 31 жастағы Дычко атақты тәлімгермен Сан-Диегода (Калифорния, АҚШ) бірге түскен суретін жариялады. Дычконың менеджері Зия Алиевтің мәліметінше, Рейносо қазақстандық боксшыға қатты қызығады және оны чемпион қылғысы келеді екен. Иван соңғы жекпе-жегін Алматыда өткізді. Ол ресейлік Денис Бахтовты бірінші раундта нокаутпен жеңген.